Мәжілісмендер мен палата Аппаратының қызметкерлері әуе апатында қаза тапқандардың отбасыларына біркүндік жалақыларын аударды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.66
  • 580.59
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілісмендер мен палата Аппаратының қызметкерлері әуе апатында қаза тапқандардың отбасыларына біркүндік жалақыларын аударды

Мәжілісмендер мен палата Аппаратының қызметкерлері әуе апатында қаза тапқандардың отбасыларына біркүндік жалақыларын аударды

«ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери-көліктік ұшағымен Оңтүстік Қазақстан облысында апатқа ұшырағандардың қайғылы қазасы ешкімді де бей-жай қалдырмады.

  • 27 Желтоқсан 2012
  • 342
Фото - Caravan.kz


Мәжіліс депутаттары жақында өткен палатаның жалпы отырысында қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алған болатын. Ал бүгін, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары пен Палата Аппаратының қызметкерлері апатқа ұшыраған шекарашылар мен экипаж мүшелерінің отбасыларына жәрдем ретінде біркүндік еңбекақыларын аударуға шешім қабылдады», деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.