Мәжілісмендер Оңтүстік Қазақстан облысында бірқатар кездесулер өткізді
ҚР Парламенті Мәжілісінің бірқатар депутаттары, атап айтқанда Розақұл Халмурадов, Уәлихан Бишимбаев, Надежда Нестерова, Әлихан Тойбаев, Роман Ким Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын түсіндіру мақсатымен Оңтүстік Қазақстан облысында іссапарда жүр. |
Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
Сапар аясында Мәжілісі депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Абылай Мырзахметовпен кездесіп, «Қазақстан-2050» стратегиясында анықталған мақсаттарды жүзеге асырудағы негізгі бағыттар туралы әңгімелесті. Осыған орай облыстың инновациялық даму бағдары бойынша жобаларды, жаңа әлеуметтік бағытты жүзеге асырудың тетіктері мен оңтүстікқазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы іс-шаралар талқыланды.
Сонымен қатар, мемлекеттің алдында тұрған негізгі мақсаттар мен Жолдау жүктеген бағыттар Қазақстан халқы Ассамблеясы Оңтүстік Қазақстан филиалының өкілдерімен де талқыланды. Кездесу барысында Қазақстан қоғамында келісім мен бірлікті нығайтудағы рөліне мән беріліп, бұның Президент Жолдауында анықталынған мақсаттарды жүзеге асырудың табысты кепілі екендігі атап өтілді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін