Жарияланды: 430

Мәжілісмендер Т. Рысқұлов ауданында болды

Қазақстан Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауын жұртшылыққа түсіндіру мақсатында Жамбыл облысында жүрген Парламент Мәжілісінің депутаттары Ұласбек Сәдібеков, Қожахан Жабағиев, Оразкүл Асанғазы, Тұрарбек Асанов, Омархан Өксікбаевтар Т.Рысқұлов ауданында болды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Сапар аясында Мәжіліс депутаттары Жарлысу ауылында болып, жаңадан салынған интернат ғимаратымен танысты. Бұдан бөлек, А.Шынасылов атындағы орта мектептің акт залында ауыл тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді. Кездесу барысында мәжілісмендер Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді, оның ішінде халықты әлеуметтік қолдау, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер және алға қойған міндеттер туралы хабардар етіп, 2050 жылға дейін айқындалған стратегияның негізгі бағыттарымен жұртшылықты таныстырды. Елбасы Жолдауының ел дамуындағы маңыздылығын баяндап жеткізді. Кездесуден соң Мәжіліс депутаттары Жақсылық ауылының тұрғындарымен кездесіп, мемлекеттік бағдарлама аясында жаңадан пайдалануға берілген ауыз-су жүйесі жұмысымен танысты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін