Жарияланды: 420

Мәжілісте әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған заң жобасының таныстырылымы өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік мәдени даму комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы болып өтті.

Заң жобасы зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы қолданыстағы заңнамадағы кемшіліктерді жоюды қарастыратын төрт заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Атап айтқанда, «Салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексі, «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы, «Ақша төлемі және аударымы туралы» ҚР Заңы, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына өзгерістер қарастырылады. Енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мiндеттi зейнетақы жарналарының толық және (немесе) уақтылы аударылуын салық органдарының бақылауының тиімділігін арттыруға, зейнетақы аннуитетін сатып алу кезінде азаматтардың әлеуметтік құқығын кеңейтуге бағытталады. Бұдан бөлек, азаматтардың зейнетақы аннуитеттерін алған кезде ерікті, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) жеке қаражаттары арқылы әлеуметтік құқықтарын кеңейтуге, әлеуметтік төлемдердің (жүктілігі және босануы бойынша) мөлшерін белгілеу кезінде жоғалтқан кірістің орнын толтыру механизмін өзгертуге бағытталады. Заң жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қаржы шығынын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдар тудырмайды деп отыр заң жасаушылар. Аталған құжат бойынша жұмыс тобы құрылып, оған депутат Светлана Ферхо жетекшілік жасайтын болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін