"Мәжілісте “Біссімілла” деп ант беріп еді, “әумин” деп, министр боп кетті": Ерлан Қошанов Саясат Нұрбекке табыс тіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мәжілісте “Біссімілла” деп ант беріп еді, “әумин” деп, министр боп кетті": Ерлан Қошанов Саясат Нұрбекке табыс тіледі

"Мәжілісте “Біссімілла” деп ант беріп еді, “әумин” деп, министр боп кетті": Ерлан Қошанов Саясат Нұрбекке табыс тіледі

ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов су жаңа Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке табыс тіледі

  • 15 Маусым 2022
  • 2631
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы депутат Қазыбек Иса Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Біссімілла деп Мәжілісте ант берді-
Бірер айда министр боп жалт берді!

Бүгін Мәжілісте Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалған Саясат Нұрбектің өкілеттігі тоқтатылды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов:
-Өткенде ғана Мәжілісте “БІссімілла” деп ант беріп еді, енді, бірер айда “әумин” деп, министр боп кетті! Табыс тілейміз!”-деп, елді ду күлдірді.

Спикердің тауып айтқан сөзін естігенде:
“Біссімілла деп Мәжілісте ант берді-
Бірер айда министр боп жалт берді!”-деген екі жол ауызға орала кетті….

Депутаттық корпусқа рахмет айтқан Саясат Нұрбек: “Мен сіздермен біргемін. Шынымды айтсам, менің Ерлан Жақанұлы секілді басшым болған емес”- деп ағынан жарылды. Сөзінің соңын ақиық ақын Мұқтар Шахановтың “Үлкен болып қалу үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға”-деген әйгілі жырынан әдемі үзінді оқып қорытты.


Тұңғыш Ғылым және жоғары білім министрі болып отырған, талай жылдан бері білім саласымен айналысып келе жатқан Саясат Нұрбекке жаңа жұмыста Ақ жол тілейміз", — деп жазды Қазыбек Иса.