Мәжілісте "Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі: табысты мемлекет құруға бірлесе қатысу формуласы" атты дөңгелек үстел өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілісте "Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі: табысты мемлекет құруға бірлесе қатысу формуласы" атты дөңгелек үстел өтті

Мәжілісте "Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі: табысты мемлекет құруға бірлесе қатысу формуласы" атты дөңгелек үстел өтті

Астана. 9 қазан. "Қазақстан Бүгін" Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ұйымдасыруымен "Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі: табысты мемлекет құруға бірлесе қатысу формуласы" атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі мәжілістің бспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 9 Қазан 2008
  • 743
Фото - Caravan.kz

Парламентшілермен бірге дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институты мен Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының ғалымдары мен сарапшылары қатысты.

Аталған шараға сонымен бірге ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері де қатысады. Форумда немістердің «Видергебурт», Қазақстандағы кәрістер ассоциациясының, татар-башқұрттардың «Таң» орталығының, шешен-ингуштардың «Вайнах» мәдени-ұлттық орталығының (МҰО), еврейлердің «Алеф» мәдени-ағарту қоғамдық-саяси қоғамының өкілдері болады.

Дөңгелек үстелде «Поляктар» қоғамдық бірлестігінің, әзірбайжанның «Хазар» мәдени бірлестігінің, «Беларусь» МҰО-ның, украинның «Оберег» МҰО-ның, ұйғырлардың Астанадағы мәдени орталығының, тәжіктің «Парвиз» мәдениет орталығының, дүнгендердің «Хуэйзу» қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері болады.

«Қырғызстан — Астана» қоғамдық бірлестігі, «Ахыска» түрік мәдениет орталығы, «Астанадағы өзбек ҰМО» мен қатар дөңгелек үстелге Астаналық «Тіл және мәдениет» қоғамы және «Ата шаңырақ» қоғамдық бірлестігі қатысады.

Форумда «Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі: Парламенттің жаңа рөлі», «Қазақстан және Еуразия кеңістігіндегі қәзіргі заманғы этносаралық процестер», «Қоғамды топтастыру факторы ретіндегі ұлттық идея», «Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы өңірлердің рөлі», «Мемлекеттік тіл және оның қазақстандық қоғамды топтастырудағы рөлі», «Этносаралық диалог — қоғамдық тұрақтылық негізі», «Этносаралық келісімнің үлгісін іске асырудағы азаматтық қоғамның рөлі» деген тақырыптарда баяндамалар жасалып, дөңгелек үстелге қатысушылар пікір алмасып соңында қорытынды ұсыныс жасалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар