Мәжілісте қазақша "сөйлеген" депутат Платонов желіде "талқыға түсті" (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілісте қазақша "сөйлеген" депутат Платонов желіде "талқыға түсті" (ВИДЕО)

Мәжілісте қазақша "сөйлеген" депутат Платонов желіде "талқыға түсті" (ВИДЕО)

 

  • 20 Қазан 2021
  • 169
Фото - Caravan.kz

Көбіне қабағы қатулы жүретін депутат Артур Платонов Мәжіліс отырысында сауалын қазақша оқып беріп, әлеуметтік желілердің назарына ілікті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Желіде біреулер бұл депутаттың қазақшаға онша тілі келмесе де, тырысып баққанының өзін жоғары бағалап жатыр.

"Кеудесіне тағы бір медаль тағып жіберейік" дейді.

Бірақ дегенмен, қазақша сөйлеу мен қазақшаны қағаздан оқи салу деген екі бөлек ұғым еді. Алматыда туып-өскен адамның қазақ тіліне құлағы үйренбеген дегенге сену қиын. Депутаттың бұл қазақшасы қазақтың сөздерін өмірінде бірінші рет оқып отырғандай әсер қалдырды.

"Бұл кісіні бұрын сыйлаушы едім, кейін оның да билікті жағалап жүрген көп әртістің бірі екенін біліп қойдым", дейді
коммент жазғандардың
бірі.