Мәжілісте "Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілісте "Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы болып өтті

Мәжілісте "Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы болып өтті

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің ұйымдастыруымен кеше "Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы болып өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Қыркүйек 2008
  • 525
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аталған комитеттің төрағасы Владимир Бобровтың қатысуымен өткен отырысқа заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі депутат Шафхат Өтемісов төрағалық етті.

Заң жобасы туралы депутаттар алдында ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Еділ Мамытбеков баяндама жасады.

Еліміз бойынша 56 мың үлескердің есебінен 348 нысан салынуда. Оның басым бөлігі Астана мен Алматы қалаларына тиесілі. Атап айтқанда, Астанада 36,4 мың үлескері бар 210 нысан, Алматы қаласында 12,3 мың үлескерді құрайтын 110 нысан бар екені анықталып отыр. Осы орайда туындап отырған мәселеге қатысты Үкімет басшысының қаулысымен арнайы комиссия құрылған.

Баяндамашының келтірген мәліметі бойынша, коммерциялық негізде үлескердің қатысуымен салынып жатқан барлық нысандар үш топқа бөлінеді. Сот арқылы шешуді талап етіп отырған Астанада 24 нысан бар, оның ішінде 6 мыңға жуық үлескердің өз пәтеріне қолы жетпей отыр. Ал алматыда осындай 10 нысан бар, оның тағдыры 816 үлескерді алаңдатып отыр.

Келесі кезекте құрылыс компанияларының өз күштерімен аяқтауға мүмкіндігі бар топқа енетіндер анықталған. Мұндай нысандар Астанада — 84, Алматыда — 52 болып отыр.

Сонымен қатар үшінші топқа мемлекеттің қолдауын қажет ететін нысандар енген. Осындай топтың ішінде Астана бойынша 18 мыңнан астам үлескерді қамтитын 102 нысан, Алматы бойынша 8730 үлескерді үміттендіріп отырған 48 нысан бар.

2007 жылғы қаңтардың 1-інен бастап «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңның қолданысқа енгені белгілі. Заңды қолдану практикасын талдау өз мүдделерінде үлескерлердің салған қаражатын құрылыс ұйымдарының айла-шарғы жасауына байланысты бірқатар проблемалардың бар екендігін көрсетіп берген.

Бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында осы заң жобасымен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті органның құзыреті қарастырылады.

Сонымен бірге заң жобасы құрылыс салушының төлем қабілетіне, яғни, қаржылық тұрақтылығына қойылатын талаптарды қатайтады. Сондай-ақ құрылыс салушыға тұрғын ғимараттарын салу тәжірибесінің және салынған пәтерлердің болуы туралы талаптар енгізуді көздейді.

Заң жобасын қабылдау үлескерге салынған қаражаттың сақталуына кепілдік беруге, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес міндеттемелер қабылдаған кезде құрылыс салушының жауапкершілігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді деп күтіліп отыр.

Заң жобасы бойынша Мәжіліс депутаттары Жексенбай Дүйсебаев, Бекен Әлімжанов, Рамазан Сәрпеков, Асхат Бекенов, Серік Оспанов, Ержан Рахметовтер өз ұсыныстарын айтып, баяндамашыға бірқатар сұрақтар қойды.

Біздің қолымызға тиген заң жобасы жақсы дайындалған. Алайда, ол қолданыста қалай болып шығуы мүмкін? Құрылысты жүзеге асырушыларға кімдер бақылау жасайды? Осы жақтары әлі де пысықтай түсуді қажет етеді. Сондықтан да депутаттар тарапынан толықтырулар енгізіледі»,-деді депутат Р.Сәрпеков.

Заң жобасының таныстырылымына бірқатар министрліктер мен агенттіктердің, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар