Мәжілісте шенеуніктердің бос тұрған қызметтік кабинеттері төңірегінде дау шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілісте шенеуніктердің бос тұрған қызметтік кабинеттері төңірегінде дау шықты

Мәжілісте шенеуніктердің бос тұрған қызметтік кабинеттері төңірегінде дау шықты

Бүгін Мәжілісте шенеуніктердің бос тұрған қызметтік кабинеттері төңірегінде дау шықты. Төменгі палата депутаттарының бірі Мүлік комитетінен алған мәліметіне сүйеніп жағасын ұстады. Өйткені еліміздегі мемлекеттік мекемелерде әсіресе, орталық ведомстволарда жалпы аумағы 100 мың шаршы метр кеңселер бос тұр.

  • 1 Қараша 2012
  • 330
Фото - Caravan.kz

Рауан Шаекин, Мәжіліс депутаты:

Үнем деген қайда? Мемлекеттік мекемелердің күтіміне қазынадан жылда ақша бөлінеді. Олар болса артық шаршы метрлер үшін де Үкіметке алақан жаяды. Оны үнемдеп басқа салалараға бөлуге болады ғой.

Қырағы мәжілісмен Денсаулық сақтау министрлігінен 4, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінен 2, ал төтенше жағдайлар министрлігінен 3 мың шаршы метрді құрайтын қызметтік кеңселердің бос тұрғанын анықтаған. Шырылдауының да жөні бар. Өйткені артық шаршы метрлер үшін бюджеттен миллиондаған ақша бөлінеді. Жыл сайын жөндеуіне, күтіміне, коммуналдық төлемдеріне қаржы қарастырылған. Әсіресе, Есілдің сол жағалауындағы мемлекеттік органдарда артық шаршы метр көп. Мәселеден еліміздің есеп-қисабына жауапты Болат Жәмішев хабардар екен. Енді қатаң бақылауға аламыз деп уәде берді Қаржы министрі.


Болат Жәмішев, Қаржы министрі:

Сауалыңыз орынды. Осындай проблема жоқ еме, бар. Қазір жұмыс істеп жатырмыз. Үнемге қатысты. Бірақ артық шаршы метрлерге яғни пайдаланылмайтын аумақққа бюджеттен ақша қарастырылмайды.

Соңғы жаңалықтар