Мәжілісте "Жаңа заң-жаңа сайлау комиссиялары- әділетті сайлау" атты акцияны қолдаған 500 мың Қазақстан азаматының тізімін табыс ету рәсімі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілісте "Жаңа заң-жаңа сайлау комиссиялары- әділетті сайлау" атты акцияны қолдаған 500 мың Қазақстан азаматының тізімін табыс ету рәсімі өтті

Мәжілісте "Жаңа заң-жаңа сайлау комиссиялары- әділетті сайлау" атты акцияны қолдаған 500 мың Қазақстан азаматының тізімін табыс ету рәсімі өтті

Бүгін, 14-қаңтарда ҚР парламентінің ғимаратында мәжілістің жалпы отырысына үзіліс жарияланған тұста мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбайға "Жаңа заң-жаңа сайлау комиссиялары- әділетті сайлау" атты акцияны қолдаған 500 мың Қазақстан азаматының тізімін табыс ету рәсімі өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан. Рәсімге "Ақжол", "Ауыл", ҚР Коммунистік партиясы мен Патриоттар партиясының өкілдері қатысты.

  • 14 Қаңтар 2004
  • 481
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанның демокартиялық «Ақжол» партиясы, «Ауыл», ҚР Коммунистік партиясы мен Патриоттар партиясы «ҚР сайлау туралы» жаңа заңды қоғамды демократияландыру және азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі ұсыныстар дайындаушы Тұрақты кеңес әзірлеген редакцияға негіздей қабылдауға қолдау білдіріп жалпыұлттық акция ұйымдастырған болатын. Заңның бұл нұсқасы қабылданған жағдайда атқарушы билік органдары мен ҚР Орталық сайлау комиссиясы тарапынан сайлау процессіне араласу және комиссияға қаржылық қысым көрсету мүмкіндіктері жойылады деп күтілуде. Партиялар акцияны қолдаған 500 мың қол жинады.

Еліміздегі демократиялық партиялардың басшылығының пікірінше, тізімді табыс ету рәсімі сайлаушылардың басым бөлігі заң жобасының Тұрақты кеңес тарапынан ұсынылған нұсқасын қолдайтындығын парламентке паш етуі тиіс. Олардың пайымдауынша, депутаттардың бір бөлігі заң жобасының үкіметтік үлгісін қабылдауға ыңғай білдіріп отыр. Қазақстанның Патриоттары партиясының жетекшісі Ғани Қасымовтың айтуынша, бұл үлгінің қазіргі қолданыстағы үлгіден ешбір айырмашылығы жоқ, әрі оған барлық саяси партиялардың мүддесін ескеру негізінде Тұрақты кеңеске қатысушылар дайындаған өзгерістер енгізілмеген.