Жарияланды: 420

Мәжілісте жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі бойынша Үкімет сағаты өтеді

-Дүйсенбі күні, 5 қарашада Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді. Онда «Жер ресурстарын тиімді пайдалану бойынша атқарылатын шаралар» атты тақырыптағы мәселелер талқыланатын болады.

Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Үкімет сағаты барысында депутаттар алдында Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров баяндама жасайды деп күтілуде. Бұдан бөлек, осы күні Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет мәселелерi бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасының таныстырылымын өткізеді. Онда Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы Әлихан Бәйменовтың заң жобасы бойынша баяндама жасайтыны жоспарланған. Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі депутат Серікжан Қанаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін