Мәжілісте жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі бойынша Үкімет сағаты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілісте жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі бойынша Үкімет сағаты өтеді

Мәжілісте жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі бойынша Үкімет сағаты өтеді

-Дүйсенбі күні, 5 қарашада Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді. Онда «Жер ресурстарын тиімді пайдалану бойынша атқарылатын шаралар» атты тақырыптағы мәселелер талқыланатын болады.

  • 4 Қараша 2012
  • 403
Фото - Caravan.kz

Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Үкімет сағаты барысында депутаттар алдында Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров баяндама жасайды деп күтілуде.

Бұдан бөлек, осы күні Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет мәселелерi бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасының таныстырылымын өткізеді. Онда Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы Әлихан Бәйменовтың заң жобасы бойынша баяндама жасайтыны жоспарланған. Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі депутат Серікжан Қанаев.

Соңғы жаңалықтар