«Заң жобасының мақсаты — заңды және жеке тұлғалардың жеке меншік иемденуіне құқық беретін құжаттарды жаппай тексеріп, оны Құқықтық кадастрге енгізу арқылы Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлікті түгелдей ашыққа шығару болып табылады»,- деді заң жобасын депутаттарға таныстырған ҚР әділет министрінің орынбасары Сабыржан Бекбосынов.
Заң жобасы парламент сенатының қарауына тапсырылды.