Мәжілістегі "Нұр Отан" ХДП фракциясы машина жасау саласын дамыту жайын талқылай келе үкіметке бірқатар нұсқаулар жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 457.98
  • 490.86
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілістегі "Нұр Отан" ХДП фракциясы машина жасау саласын дамыту жайын талқылай келе үкіметке бірқатар нұсқаулар жолдады

Мәжілістегі "Нұр Отан" ХДП фракциясы машина жасау саласын дамыту жайын талқылай келе үкіметке бірқатар нұсқаулар жолдады

Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісіндегі "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясы фракциясының "2003-2015 жылдарға арналған ҚР Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын" іске асыру аясында машина жасау саласын дамыту туралы" кеңейтілген отырысы кеше өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 5 Қараша 2008
  • 639
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бес жыл бойы біздің елдің индустриялық дамуы инновациялық әлеуеттің қарқынын арттыра отырып, шикізат өндіру бағытынан технологиялық өндіріске өнеркәсіптің барлық саласын әртараптандыру мақсатын алға қою арқылы кезең-кезеңмен, осы стратегияны басшылыққа алып дамып келеді. Стратегияны іске асыру үш кезеңге бөлінген. Оның біріншісі 2003-2005, екіншісі 2006-2010 және үшіншісі 2011-2015 жылдар аралығын қамтиды. Алғашқы кезеңде Үкімет бәсекеге қабілеттілікті анықтау мақсатымен барлық маркетингтік зерттеулерді жасап, менеджерлердің жаңа форматына сай кадрлық базаны айқындады. Ал бүгін біз осы стратегияны іске асырудың нағыз қайнаған кезінде отыруымыз керек-тін. Бірақ бүкіләлемдік дағдарыс біздің алдымызға басқа сыбағалар ұсынып отыр. Қазір үкімет дағдарыстың ауыр салмағын халықтың иығына түсірмеу үшін барлық күшін жұмылдыруда.

Индустриялық -инновациялық даму Стратегиясының машина жасау саласы бойынша баяндаманы ҚР парламенті мәжілісінің депутаты — «Нұр Отан» ХДП фракциясы мүшесі, Қазақстан машина жасаушылары одағының төрағасы Мейрам Пішембаев жасады.

Баяндамашының мәлімдеуінше, бүгінгі күні елдің барлық өндірісіндегі машина жасау саласының үлесі 3,5 пайызды құрайды. Қытайда бұл сала — 25, Германияда — 48, АҚШ-та — 40, Францияда -38, Ресейде — 30, Жапондарда -50 пайыз. Қазақстанда 90 жылдары бұл саланың жұмысшылары 350 мың адам болса, бүгінгі күндері 75 мыңға қысқарды. Оған бөлінген инвестиция барлық өнеркәсіпке бөлінгеннің бір пайызын ғана құрайды, оның өзі соңғы жылдары 30 пайызға төмендеді. Машина жасау саласының қазіргі перспективаларына келгенде, баяндамашы алдымен стратегияны орындау бойынша 2006-2008 жылдарға жасалған шаралар жоспарын сынға алды. Стратегияны іске асырудың жарты уақыты өтіп кетсе де бізде, әлі сараптау, моноторинг жасау, ұсыныс беру кезеңінде жүргенімізді, Даму банкі, Инвестициялық қор, Инжиниринг және трансферт технологиясы орталығы, т.б. даму институттары тарапынан машина жасау саласының бірде-бір зауытына трансферттік технология бөлінбегенін атап көрсетті. Оның үстіне, ұсынылған жобаларды қарау мерзімі тым ұзаққа созылады. Мәселен, Даму банкі Петропавловкс қаласындағы «ПЗТМ» зауытының жобасын қарауды екі жылға созды, одан «БРК-лизинг» еншілес компаниясына аударып, ол жарты жыл ұстады. Бірақ әйтеуір мәселе оң шешіліп, зауыт бөлінген 700 млн. теңгеге 24 осы заманғы станоктар сатып алынды. Ал басқалары өзін қаржыландыруды әлі күнге күтіп жатыр.

Депутат өз сөзінде машина жасау саласын дамытуға байланысты мынадай ұсыныстар жасады: алдымен салық салуды жетілдіріп, жеңілдіктерді жалғастыру керек; екіншіден, үкімет машина жасау саласының бес негізгі электротехникалық, көліктік, тау-кен, мұнай-газ және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау зауыттарына қамқорлық жасауы керек; ғылыми тұрғыда ашылған жаңалықтарды іле-шала өндіріске енгізу мақсатымен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жандандыру қажет деген баяндамашы, әзірге, қазақстандық ғалымдардың ашқан бірде-бір жаңалығы өндіріске енгізілмеген де айта кетті.

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Өмірзақ Шөкеев бұрын бізде осы саланың 1800 кәсіпорны болған, қазір де соның 1500-қалған кәсіпорындардың бәрі басқа бағыттағы экономикада жұмыс істеген ескертті. Біз саланы қолдау үшін неше түрлі бағдарламалар, жеңілдіктер жасап, несиелер бөлгенбіз. Бірақ соның көбі құмға сіңген судай болып, жекешелендіріп алған директорлардың қалтасында кетті. Қазір ол кезді емес, саланың қазіргі перспективасын талқылау керектігін айтып, үкіметтің тұтынушысы бар мұнай-газ секторы өндірісіне арналған өнімдер шығара алатын зауыттарды қолдап жатқанын жеткізді.

Отырыс барысында Индустрия және сауда министрі В.Школьник, Энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары Л.Қиынов, мәжілістің экономикалық реформа және аймақтық даму жөніндегі комитетінің төрағасы В.Бобров т.б. бірқатар мемлекеттік органдар басшылары мен қазақстандық машинақұрылыс кәсіпорындарының өкілдері жарыссөзге шығып, саланың өздеріне белгілі мәселелері бойынша ойларын ортаға салды.

Отырысқа қатысушылар отын-энергетикалық пайдалы қазбаларымен (көмір, мұнай, газ, уран және металл рудалары) қатар стратегиялық маңызы бар Қазақстан экономикасы салаларының бірі — машина жасау саласы бойынша елдің Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының басты басымдықтарын іске асыру барысын талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша, 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриялық -инновациялық даму Стратегиясының машинақұрылысы саласы бойынша бөлігін одан әрі жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар көрсетілген фракция отырысының қаулысы қабылданып, ҚР үкіметіне жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар