Мәжілістен тағы бір депутат кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілістен тағы бір депутат кетті

Мәжілістен тағы бір депутат кетті

Мәжіліс депутаты Асылбек Смағұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

  • 23 Қыркүйек 2020
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі Смағұловты ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындау туралы қаулысының негізінде қабылданған ҚР ОСК-ның 2020 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, депутат Асылбек Айжарықұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынамын, — деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин.

Жалпы отырыста депутаттар аталған ұсынысты қолдап, дауыс берді.


Асылбек Смағұлов 2016 жылдың 24 наурызынан VI шақырылымдағы Мәжілістің депутаты болған еді. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болып қызмет етті.

Айта кетейік, қыркүйек айынан бастап, әртүрлі қызметке ауысуларына байланысты бірнеше депутат кетіп үлгерді. Олардың қатарында Айзада Құрманова, Нұрлан Әбдіров және Нұрлан Дулатбеков бар.