Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы болып Зәуре Қадырова сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.46
  • 543.1
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму  комитетінің төрайымы болып Зәуре Қадырова сайланды

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы болып Зәуре Қадырова сайланды

Бүгін, 4-қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында парламент палатасының әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы болып Зәуре Қадырова сайланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Қараша 2004
  • 811
Фото - Caravan.kz

З.Қадырова 1940-жылы Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірген, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 90-шы жылдардың басында ҚР әлеуметтік қамтамасыздық министрлігін басқарды, халықты әлеуметтік қорғау министрі болды. Бірінші сайланған парламент мәжілісінің депутаты болды. 1999-жылы «Отан» партиясынан бір мандатты округ бойынша екінші шақырылған парламент мәжілісінің депутаты болып сайланды. Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетін басқарды. Үшінші шақырылған парламент мәжілісіне ол Ақмола облысындағы бір мандатты округ бойынша «Отан» партиясынан қайта сайланды.