Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеті "Қазақстан Республикасындағы БАҚ-тар туралы" заң жобасын қарауға арналған алғашқы кеңейтілген отырыс өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеті "Қазақстан Республикасындағы БАҚ-тар туралы" заң жобасын қарауға арналған алғашқы кеңейтілген отырыс өткізеді

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеті "Қазақстан Республикасындағы БАҚ-тар туралы" заң жобасын қарауға арналған алғашқы кеңейтілген отырыс өткізеді

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеті 21-қазанда "Қазақстан Республикасындағы БАҚ-тар туралы" заң жобасының үкіметтік үлгісін қарауға арналған алғашқы кеңейтілген отырыс өткізеді. Бұл туралы парламент депутаты Әбдіжәлел Бәкір бүгін, 20-қазанда Алматыда журналистерге хабарлады.

  • 20 Қазан 2003
  • 603
Фото - Caravan.kz

Бұл отырыста заң жобасының концепциялық негізі қаралып, заң жобасын жасаушылардың баяндамасы, соның ішінде ҚР ақпарат министрі Сауытбек Әбдірахмановтың баяндамасы тыңдалады. Ә.Бәкірдің айтуынша, заң жобасы тек парламенттің ғана емес, сонымен бірге қоғамдық ұйымдардың да үлкен қызығушылығын тудырып отыр. Заң жобасына қатысты ұсыныстар комитетке күн сайын дерлік келіп түсуде. Олардың барлығы да парламент іс-қызметі барысында жұмыс құжатының салыстырмалы кестесіне қамтылады. Сондай-ақ, «комитеттің осы жөніндегі жұмыс барысына қатысуға құлшыныс танытып отырғанда да көп»,- деді депутат.

Ә.Бәкірдің айтуынша, аса күрделі жобалар қатарына жататын бұл құжат парламентте қызу әрі ұзақ тақыланатындықтан мәжіліс оған қатысты барлық ұсыныстар мен ескертпелерге құлақ асуы тиіс. Осы орайда халық қалаулысы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасы парламент қабырғасында түбегейлі өзгерістерге ұшырауы мүмкіндігін атап көрсетті. «Заң шығарушылық тәжірибеме сүйеніп айтар болсам, заң жобалары парламентте түбірімен өзгеріске ұшырайтындығы соншалық, оны кейде жобалаушылардың өзі ажыратып тани алмай қалады»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар