Бүгін, 4-қарашада өткен палатаның жалпы отырысында бұл шешім үшін 69 депутат дауыс беріп, бір депутат қалыс қалды.
Р.Мәдинов 43 жаста. Мамандығы- заңгер. 90-шы жылдардың ортасында ол «Агроцентр» астық компаниясын басқарды, ҚР үкімет басшысының кеңесшісі болды. Екінші сайланған парламент мәжілісіне Қазақстан аграрлық партиясынан депутаттыққа сайланды. Ауылшаруашылығы мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі болды. 1999-жылдың қаңтар айынан бері Қазақстан агрралық партиясының төрағасы. Сол жылғы желтоқсан айынан бері Аграрлық партияның парламенттегі фракциясының жетекшісі. Үшінші шақырымдағы парламенттің мәжілісіне «АИСТ» сайлау блогының партиялық тізімі бойынша сайланды.