Мәжілістің бір топ депутаты "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға түзетулер енгізу туралы бастама көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-13 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілістің бір топ депутаты "Парламент   және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға түзетулер енгізу туралы бастама көтерді

Мәжілістің бір топ депутаты "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға түзетулер енгізу туралы бастама көтерді

Мәжілістің бір топ депутаты "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға түзетулер енгізу туралы бастама көтерді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне түзету авторларының бірі, мәжіліс депутаты Шаймерден Оразалинов хабарлады.

  • 24 Желтоқсан 2004
  • 571
Фото - Caravan.kz

Депутаттың айтуынша, саяси партиялардың парламенттік фракцияларының өкілеттігін арттыруға және мәртебесін көтеруге бағытталған 50-ден астам түзету жобасы жасалды. Атап айтсақ, қазіргі жағдаймен заң жобасы жасау құқығына тек депутаттар мен үкімет қана ие болса, түзетуге сәйкес заң жобасы туралы бастама көтеру мүмкіндігіне фракциялар да ие болмақ. Сондай-ақ, фракцияларға профильді комитеттермен бірдей заң жобалары бойынша қорытынды жасау құқығын беру қарастырылған. Фракция жетекшілерін палата бюросының құрамына қамту ұсынылған. Сонымен бірге фракцияларға мәжіліс төрағасына кандидатура ұсынуға құқық беру көзделіп отыр. Ал қазір спикер лауазымына үміткердің атын тек депутаттар ғана ұсына алады.

Ш.Оразалиновтың айтуынша, түзетулер «фракцияларға жұмысшы орган деген мәртебе беруге» бағытталады.
Мәжіліс депутатының айтуынша, «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы депутаттар аймақтардан келгеннен кейін, жаңа жылдың басында мәжіліс бюросының қарауына ұсынылады.

Перейти к новостям спорта