Мәжілістің бұрынғы спикері Ж.Тұяқбай өз ұстанымы республиканың оппозициялық күштерінің идеяларымен үндескенін атап көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілістің бұрынғы спикері Ж.Тұяқбай өз ұстанымы республиканың оппозициялық күштерінің идеяларымен үндескенін  атап көрсетті

Мәжілістің бұрынғы спикері Ж.Тұяқбай өз ұстанымы республиканың оппозициялық күштерінің идеяларымен үндескенін атап көрсетті

ҚР парламенті мәжілісінің бұрынғы спикері Жармахан Тұяқбай өз ұстанымының республикадағы оппозициялық күштердің идеяларымен сәйкескенін атап көрсетті. Республиканың саяси жүйесін жаңалау қажеттігіне қатысты пікір ортақтығы саясаткерді Қазақстанның демократиялық күштерін үйлестіру кеңесінің құрамына енуге итермелеген. Бұл туралы Ж.Тұяқбай бүгін, 23-қарашада Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Қараша 2004
  • 451
Фото - Caravan.kz

Мәжілістің бұрынғы жетекшісінің айтуынша, «оның мұндай шешім қабылдауына, бірінші кезекте, парламент сайлауы кезінде және одан кейінгі дауыс санау барысында болған оқиғалар әсер еткен». «Сайлау туралы» заң іс жүзінде аяқ асты етіліп, «жаппай бұрмалаушылық, халықтың таңдауын жорта елемеу оқиғаларына жол берілді»,- деді Ж.Тұяқбай. Ол осы мәселе бойынша мемлекет басшысының атына арнап мәлімдеме жасағанын еске салды. «Алайда, бұл мәселе бойынша мемлекет басшысы ахуалды тіпті жартылай болса да өзгертуге мүмкіндік беретін ешбір шешім қабылдамады». Сонымен бірге, «екінші шақырылған мәжіліске заңды мерзім аяқталғанға дейін мүмкіндік берілмей, үшінші шақырымдағы мәжіліс щұғыл шақырылып, заң бұзушылыққа жататын тағы бір шешім қабылданды». «Бұл , шамасы, биліктің қазіргі ұстанымы секілді. Сол арқылы өткен сайлауды заңды деп танып, барлық мәселеге нүкте қою көзделіп отыр»,- деді Ж.Тұяқбай.

«Осындай жағдайда мен әрі-сәрі күйден арылып, бұдан былай қандай бағытта алға жылжимын дегенді түбегейлі таңдауға тиіс едім»,- деді бұрынғы мәжіліс жетекшісі. Оның мәлімдеуінше, «билікті жаңалауға қатысы бар тиімді әрі ойламды ұсыныстар жасайтын» оппозициялық партиялардың күшін біріктіруге жасалған талпыныстарды қолдайды. Ж.Тұяқбайдың пікірінше, «ең дұрыс жалғыз жол — осы болмақ». «Аталмыш реформалардың нақты жүзеге асырылуы туралы мәселені демократиялық күштер жаппай көтеруі тиіс». «Өзімнің орным осы адамдардың арасында дегенге сенімім кәміл»,- деді бұрынғы спикер.
Бұдан бұырн да хабарлағанымыздай, бүгін Қазақстан демократиялық күштерін үйлестіру кеңесінің Алматыда өткен отырысы барысында бұрынғы мәжіліс төрағасы Ж.Тұяқбай аталмыш кеңес құрамына сайланды. Ол сондай-ақ кеңес аясында құрылған Конституциялық реформаларға дайындық жөніндегі жұмыс тобын басқаратын болды.

Перейти к новостям спорта