Мәжілістің экология жөніндегі комитеті аймақтық акциздік маркалар қолдануға рұқсат беретін түзетулерге қатысты президенттің қарсылығын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілістің экология жөніндегі комитеті аймақтық акциздік маркалар қолдануға рұқсат беретін түзетулерге қатысты президенттің қарсылығын қабылдады

Мәжілістің экология жөніндегі комитеті аймақтық акциздік маркалар қолдануға рұқсат беретін түзетулерге қатысты президенттің қарсылығын қабылдады

"Спиртті өнімдер мен этил спиртінің айналымы және өндірісін мемлекеттік реттеу мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі " заңның жекелеген баптарына қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қарсылығын мәжілістің экология және табиғат пайдалану жөніндегі комитеті қабылдады. Бүгін үкімет және президент әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен өткен комитет отырысында осындай шешім қабылданды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Ақпан 2004
  • 718
Фото - Caravan.kz

Комитет төрағасы Тито Сыздықовтың хабарлауынша, «комитет Елбасының қарсылығымен қосылуға мүмкіндік бар деп тауып, заңның 1-бабы, 2-тармағы, 1-тармақшасынан «спиртті өнім аумағында сатылатын тиісті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) кодымен» деген сөздерді алып тастауды, сондай-ақ, заңның 1-бабы, 2-тармағы, 4-тармақшасынан «Спиртті өнімдер мен этил спиртінің айналымы және өндірісін мемлекеттік реттеу туралы» ҚР заңының 9-бабын толықтыруы тиіс 2-1 тармағын алып тастауды жөн деп тапты».

Комитет төрағасының айтуынша, Елбасының қарсылығымен танысқан мәжіліс депутаттары спиртті өнімдерді аймақтық есеп-бақылау маркасынсыз сатуға және басқа облыс аумағында облыстың идентификациялық кодынсыз сатуға тыйым салу туралы норма тауарлардың еліміз аумағындағы қозғалысы мен спиртті өнімдер рыногындағы бәсекелестікке шектеу қояды деген тұжырым жасады.
«Бұл сауда-саттық саласыдағы техникалық кедергілерді алып тастау туралы Дүниежүзілік сауда ұйымының принциптеріне қайшы келеді»,- деді Т.Сыздықов.
Сондай-ақ, комитет мүшелерінің пікірінше, бұл норма спиртті өнімдердің айналымын әкімшілік басқаруды күрделілендіріп, тұтынушылар үшін өнімнің қымбаттауына апарып соғады.
Комитеттің бұл шешімі парламенттің төменгі палатасының кезекті жалпы отырысының талқысына ұсынылады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Спиртті өнімдер мен этил спиртінің айналымы және өндірісін мемлекеттік реттеу мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі » заңға вето қойған болатын. Елбасының ветосы заңның екі нормасына қатысты болып отыр. Бірінші норма бойынша аймақтық есеп-бақылау нормасы деп аталатын тәртіп енгізілсе, екінші нормамен спиртті өнімдерді аймақтық маркасыз сатуға тыйым салынады.
Президенттің қарсылығында атап көрсеткеніндей, «Қазақстан секілді унитарлық мемлекетте мұндай шара тауарлар және қызмет түрлерінің еркін қозғалысы мен айналымы жүзеге асырылатын біртұтас нарықтық кеңістіктің бұзылуына апарып соғады». Заңның бұл нормасы «ҚР ұлттық қауіпсіздігі туралы» заңның 18-бабы, 4-тармағына қайшы.

Соңғы жаңалықтар