Мәжілістің отырысында "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ына қатысты ахуал қаралады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілістің отырысында "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ына қатысты ахуал қаралады

Мәжілістің отырысында "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ына қатысты ахуал қаралады

18-ақпанда парламент мәжілісінің жетекшісі Жармахан Тұяқбайдың төрағалығымен өтетін отырыста "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ына қатысты ахуал қаралады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Ақпан 2004
  • 411
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінен хабарлауынша, «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-ның Павлодарлық өкілдігі ұжымының мәжіліске жолдауына байланысты палата отырысында екі мекеменің өкілі сөз сөйлемекші. Авиаторлардың хатына байланысты жалпы отырыста ҚР көлік және коммуникация министрлігі мен ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшылары түсініктеме береді деп күтілуде. Мәжілістің талқылау қорытындысы бойынша палатаның қаулысы қабылданады.

Сондай-ақ, мәжілістің жалпы отырысында Қазақстанды Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымының келісімдеріне біріктіру мәселесі де талқыланады. Мәжіліс бюросының күн тәртібінде сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда, сондай-ақ, «Неке және отбасы туралы» заңды қарау көзделген.
Бюроның ұсынысы бойынша мәжіліс «ТМД-ға қатысушы елдердің электр қуатын өндіруші нысандарында апат немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда өзара көмекке келу туралы келісімді бекіту туралы» заң жобасы бойынша ұстаным айқындау міндеті тұр.
«Инвестициялық қорлар туралы» заң жобасы мен инвестициялық қорлар туралы кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерден тұратын заңдар топтамасы бойынша да палатаның шешімі шығарылуы тиіс.
Ал палатаның аграрлық комитеті ертеңгі отырысқа «Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сенат тарапынан енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға ұсынбақшы.
Жалпы отырыстың күн тәртібіне мәжіліс депутаттары басқа да ұсыныстар енгізуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар