Жарияланды: 890

Мәжілістің заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитеті детективтік қызмет туралы заң жобасын жасауға бастама көтермекші

ҚР парламенті мәжілісінің заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитеті детективтік қызметті реттейтін жеке заң жобасын жасауға бастама көтермекші,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Комитет хатшысы Бақыт Көпенованың пікірінше, жаңа заң жобасы детективтік қызметті көлеңкеден шығаруда катализатор ролін атқаруы тиіс. ҚР парламенті 2000-жылы бекіткен "Күзет және қорғау қызметі туралы" қазіргі қолданыстағы заңда "жеке меншік детективтік қызметке құқықтық ая қалыптастырмаған" кемшіліктерге байланысты бұл сала көлеңкелі секторға бой тасалауға мәжбүр болған. Дейтұрғанмен Қазақстан заңдарына сәйкес детективтік қызмет жеке бизнес саласына жатқызылғандықтан онымен айналысуға заңдық тұрғыда тыйым салынбаған. Мәжілістің заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитеті "Мемлекеттік емес (жеке меншік) күзет қызметі және мемлекеттік емес (жеке меншік) детективтік қызмет туралы " заң жобасын жасауды көздеген болатын. Комиссия мүшелері Б.Көпенованың заңды екі дербес бөлімге бөлу туралы ұсынысымен келісті. Бұл ретте заңның күзет қызметін реттеуші бөлімі қазіргі қолданыстағы "Күзет қызметі туралы" заңға енгізілетін түзетулер мен өзгерістер туралы заң жобасы түрінде рәсімделуі мүмкін. Қазіргі жағдаймен Қазақстанда 1,5 мыңнан астам күзет ұйымдары жұмыс істейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін