Мәжілістің жалпы отырысында кезекті президент сайлауының мерзімін жариялау мәселесі қаралады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілістің жалпы отырысында кезекті президент сайлауының мерзімін жариялау мәселесі қаралады

Мәжілістің жалпы отырысында кезекті президент сайлауының мерзімін жариялау мәселесі қаралады

7-қыркүйек , сәрсенбіде мәжілістің жалпы отырысында кезекті президент сайлауының мерзімін жариялау мәселесі қаралады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінің қызметкері Жігер Байтілесов хабарлады.

  • 7 Қыркүйек 2005
  • 390
Фото - Caravan.kz



«Бұл отырыстың күн тәртібінде бірінші болып қаралатын мәселе. Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов баяндама жасайды»,- деді Ж.Байтілесов.
Сонымен бірге жалпы отырыста депутаттар «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні бекіту туралы» және «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні бекіту туралы» заң жобалары бойынша палатаның салалық комитеттерінің қорытындыларын дайындау мерзімін анықтайды. Сонымен бірге 2006-жылға арналған республикалық бюджеттің жобасы бойынша қорытынды дайындау мерзімін анықтау көзделген.
Жалпы алғанда жалпы отырыстың күн тәртібіне 22 мәселе шығарылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта