Мәжілістің жаңа спикері басшы өзгергенмен, төменгі палатаның бағыт-бағдары өзгермейді деп мәлімдеді
Астана. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілістің жаңа спикері Орал Мұхамеджановтың мәлімдеуінше, басшы өзгергенмен, төменгі палатаның бағыт-бағдары өзгермейді. Бұл туралы ол бүгін журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Мәжілістің басшысының өзгеруі бағдардың өзгеруін білдірмейді, төменгі палата біз бен жалпы парламент еліміздің экономикасының тиімділігін көтеруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және еліміздің тұрақтылығын одан әрі бекіте түсуге бағытталған президенттің стратегиялық бағдарын заңнамамен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейді ", - деді О.Мұхамеджанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін