Мәжілістің жаңа жылдағы алғашқы жалпы отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілістің жаңа жылдағы алғашқы жалпы отырысы өтеді

Мәжілістің жаңа жылдағы алғашқы жалпы отырысы өтеді

Ертең ҚР Парламенті Мәжілісі өзінің жаңа жылдағы алғашқы жалпы отырысын өткізеді деп жоспарлануда. Осыған орай, Палата Бюросының ұсынуымен бас қосудың күн тәртібіне бірқатар заң жобалары шығарылып отыр. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

  • 8 Қаңтар 2013
  • 382
Фото - Caravan.kz

Күн тәртібіне сәйкес, палата депутаттары бірқатар заң жобаларын өндіріске алып, оларға қорытынды шығару мерзімдерін белгілейтін болады. Ондай құжаттардың арасында «Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысын ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайта құрылымдауды жүзеге асырған екінші деңгейдегі банктерді одан әрі дамыту мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бар.

Сонымен қатар, палата депутаттары «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді талқылайтын болады. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім палатаның талқысына түседі. «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін қаржыландыруға арналған заң жобасы туралы Көлік және коммуникация вице-министрі Роман Скляр баяндама жасайды деп күтіледі.