Мәжілістің жаңа жылдағы бірінші жалпы отырысы 7-қаңтарда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 530.24
  • 543.97
0 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілістің жаңа жылдағы бірінші жалпы отырысы 7-қаңтарда өтеді

Мәжілістің жаңа жылдағы бірінші жалпы отырысы 7-қаңтарда өтеді

Мәжілістің 2004-жаңа жылдағы бірінші жалпы отырысы 7-қаңтарға белгіленді. Алдағы жалпы отырыстың күн тәртібіне шығарылатын мәселелер бүгін, 5-қаңтарда мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбайдың төрағалық етуімен өткен мәжіліс бюросының жиналысында талқыланды.

  • 5 Қаңтар 2004
  • 391
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс аппаратының баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, жалпы отырыстың күн тәртібіне шығарылатын заң жобаларының арасында «Йод тапшылығына қатысты аурулардың алдын алу туралы » ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» , «Қазақстан даму банкі туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «ҚР халықты еңбекпен қамту туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бар. Сондай-ақ, палатаның жалпы отырысында «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қарым-қатынастар және құқықтық көмек жайындағы Конвенцияны бекіту туралы», «Орта Азиялық ынтымақтастық» ұйымын құру туралы Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстан Республикалары арасындағы келісімді бекіту туралы» заң жобалары талқыланады.