Мәжіліс аппаратының баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, жалпы отырыстың күн тәртібіне шығарылатын заң жобаларының арасында "Йод тапшылығына қатысты аурулардың алдын алу туралы " ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" , "Қазақстан даму банкі туралы" ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "ҚР халықты еңбекпен қамту туралы" заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары бар. Сондай-ақ, палатаның жалпы отырысында "Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қарым-қатынастар және құқықтық көмек жайындағы Конвенцияны бекіту туралы", "Орта Азиялық ынтымақтастық" ұйымын құру туралы Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстан Республикалары арасындағы келісімді бекіту туралы" заң жобалары талқыланады.
Мәжілістің жаңа жылдағы бірінші жалпы отырысы 7-қаңтарда өтеді
