Мәжит Бегалиннің «Артымызда Мәскеу» фильмі Мәскеудегі халықаралық кинофестивальде көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжит Бегалиннің «Артымызда Мәскеу» фильмі Мәскеудегі халықаралық кинофестивальде көрсетіледі

Мәжит Бегалиннің «Артымызда Мәскеу» фильмі Мәскеудегі халықаралық кинофестивальде көрсетіледі

«Қазақфильм» киностудиясы» АҚ шығарған Мәжит Бегалиннің «Артымызда Мәскеу» («За нами Москва») фильмі Мәскеудегі «Лучезарный ангел»VIIIхалықаралық қайырымдылық кинофестивалінде көрсетіледі, деп хабарлады сәрсенбі күні киностудияның баспасөз қызметі.

  • 26 Қазан 2011
  • 1178
Фото - Caravan.kz

«Мәскеуде «Лучезарный ангел» VIII халықаралық қайырымдылық кинофестивалінің ретроспективалық бағдарламасының аясында режиссер Мәжит Бегалиннің «Артымызда Мәскеу» фильмінің көрсетілімі өтеді. Фильм Бауыржан Момышұлының 1941 жылы Мәскеу түбінде шайқасқан Панфилов дивизиясына арналған кітаптары мен материалдарының желісімен түсірілген», — делінген ақпаратта.

Ресей, АҚШ, Германия, Кипр, Франция, Португалия, Грекия, Словения, Қазақстан және т.б. елдердің 245 ойын, деректі және анимациялық фильмдерінің ішінен 60-тан аса картина конкурстық бағдарламаға өтті.

Кинофестивальдің қорытындысы 8 қарашадағы салтанатты рәсімде шығарылады, деп хабарлайды кинофестивальдің ұйымдастырушылары.

Кинофестивальдің қазылар алқасының құрамына шақырылғандар: режиссер Светлана Проскурина; N.I.C.E. фестивалінің көркемдік комиссиясының вице-президенті, кинопродюсер Савио Козимо (Италия); «Лихтбург» кинотеатрлар тобының директоры Бернхард Вильмар (Германия); режиссерлар: Павел Медведев, Сергей Головецкий, Ирина Бессарабова, Наталья Березовая, Виолетта Колесникова, Леонид Носырев; актерлар: Наталия Белохвостикова, Владимир Ильин және Сергей Белоголовцев; киносыншы Людмила Донец, Орыс Православ Шіркеуінің өкілдері.

Кинофестивальқарашаның 1-8 аралығында өтеді.

Перейти к новостям спорта