тұсаукесері өтеді.
Фильмнің премьерасы ертең, 22 ақпан күні «Цезарь» кинотеатрында сағат 10.00-де болады. Фильмді шығарған — Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ы.
Сондай-ақ, бұл күні фильмнің тұсаусекер рәсімінен кейін сағат 12:30-да №120 мектепте (Құрманғазы көшесі, Наурызбай көшесінің қиылысында) Мәжит Бегалин атындағы мұражайдың ашылу салтанаты өтеді.
Мерекелі іс-шараларға КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов, ҚР халық артисі Нұржұман Ықтымбаев, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, Мәжит Бегалиннің ағасы Қасым Сапарғалиұлы Бегалин, сонымен қатар режиссердың жақындары мен туыстары, киностудия өкілдері мен еліміздің зиялылары қатысады.
Мәжит Бегалин «Бұл Шұғылада болған еді», «Тұлпардың ізі» көркем фильмдері мен Ш.Уәлиханов туралы «Оның күні туады», Б.Момышұлы жайындағы «Артымызда Мәскеу» фильмдерін дүниеге әкелген тұлға. Ол Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.