М.Бисенғалиев алтын дискімен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
М.Бисенғалиев  алтын дискімен марапатталды

М.Бисенғалиев алтын дискімен марапатталды

Франциядағы Қазақстан Республикасының елшілігінде әйгілі ағылшын композиторы Эдвард Уильям Элгардың шығармашылығын зерттеуге қосқан үлесі үшін танымал қазақ музыканты,

  • 26 Наурыз 2013
  • 456
Фото - Caravan.kz

скрипкашы Марат Бисенғалиевті «Элгар Фаундэйшн» американдық қорының марапаттау рәсіміне арналған салтанатты кеш өтті.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Бұл шараға мәдениет қайраткерлері, Сыртқы істер министрлігінің, қоғамдастықтың және бизнес-орталардың өкілдері қатысты.

Франциядағы Қазақстан Елшісі Нұрлан Дәненов өзі сөзінде мәлім еткендей, дарынды қазақ скрипкашысының Элгардың туындысын аспапта шебер ойнауы елеусіз қалмады, осыған орай ол Қордың жоғары наградасы — алтын дискімен және кешке қатысқан австралиялық суретші Ральф Лиллифордтың М. Бисенғалиев үшін арнайы салған ағылшын композиторының портретімен марапатталды.

Перейти к новостям спорта