Ал фильмнің бас рөлдерін ойнаған Аян Өтепберген, Құралай Анарбекова, Әлия Әнуарбек, Асылхан және Артур Төлеповтерге 1 млн. теңгеден берілді. «Мен осы «Жаужүрек мың бала» фильмін көргеннен кейін оның режиссері Ақан Сатаевты тауып, осындай патриоттық туынды үшін өз алғысымды айтайын деп едім. Міне, бүгін соның сәті түсті. Сіздерге мың да бір алғыс. Аз болса да, көптей көріңіз. Шығармашылық табыс тілеймін. Отанға деген махаббат сезімін күшейтетін туындыларыңыз көбейе берсін!»,- деді меценат И.Салжанов.
Өз кезегінде А.Сатаев кәсіпкердің сый-сыяпаты үшін зор алғысын білдіріп: «Бұл — менің ғана еңбегім емес. «Жаужүрек мың бала» фильмінің түсіріліміне 500-ге тарта адам қатысты. Олардың әрбіреуі өз учаскесінде барынша еңбек етіп, фильмнің сапалы болып шығуына бар күш-жігерлерін салды. Мемлекеттің де қолдауы айтарлықтай болды. Бұл фильмнің көрерменнің көңілінен шыққанына, елдің патриоттық рухын көтергеніне қуаныштымыз», — деді режиссер.