«Медаль түгіл, қағазды да қимайды»: Оқаповтың медалінен кейін еліміздің бірқатар ұстаздары ашулы пікір қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Медаль түгіл, қағазды да қимайды»: Оқаповтың медалінен кейін еліміздің бірқатар ұстаздары ашулы пікір қалдырды

«Медаль түгіл, қағазды да қимайды»: Оқаповтың медалінен кейін еліміздің бірқатар ұстаздары ашулы пікір қалдырды

Димаш Құдайберген мен Әли Оқаповтың медалінен соң, қоғам пікірі қақ жарылды.

  • 27 Қазан 2023
  • 3935
Фото - Caravan.kz

Олардың бірі жастарды марапатты лайықты алды деп жатса, енді бірі лайық емес деп айтуда. Әсіресе, ел педагогтары Үкіметке ашулы. Олар ұстаздар қауымының "медаль түгіл, қағазға" татымайтынын айтып, жанайқайларын жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы. 

Ұстаздардың бұлай шулауына белгілі тележүргізуші Асхат Садырбайдың жазбасы себеп болған. Ол өзінің желідегі ресми парақшасында: 

"Марапатталғандар жайлы пікірімді сұрап еді тілшілер. Айта кетейін.

Әлеуметтік желіні бақыласам жұрт Димаштың Халық әртісі атанғанына қуанып, Әлидің “Құрмет” орденін сынап жатыр екен.

Жалпы марапат, медаль жастарға не керек? Ол қай кезде әділетті, қай уақытта әділетсіз?
Танымал өнер адамдарын жұрт марапатсыз ақ төбесіне көтеріп, қол шапалақтайды, құрметтейді емес пе, деген сұрақтардың болуы заңды да.

Егер мемлекет бұл өнер иелеріне осындай құрмет білдірсе біз оны қызғанып қайтеміз? Қолдан келсе қуанышқа ортақ болып құттықтайық. Ал, қаламасақ үнсіз қалу да бір мәдениет.

Ал енді жаңағы сұрақтарға жауап беріп көрелік. Біріншіден, марапат алған адам үшін бәрі әділетті, алмаған адам үшін қашан да әділетсіз)). Әзіл де болса шындық.
Екіншіден, иә, Майкл Джексон мен Мадоннада Америка құрама штаттарының Халық әртісі, Ұлыбританияның Еңбек сіңірген әртісі деген атақ жоқ. Аталмыш елдерде әншілердің дәрежесі үнтаспаларының неше күнде қанша млн тиражбен сатылғаны, хит шерулерде неше апта көш бастағандығы, әлемдік турне мен жылдық табысы, әлемге әйгілі беделді басылымдардың берген бағасы сияқты нақты индексациялар арқылы бағаланады. Ал, кино жұлдыздары үшін Алтын Глобус пен Оскар бар.
Иә, ол жерде де бәрі әділетті деп айта алмаймыз. Себебі талай көпшіліктің сүйікті жұлдыздары неше жасқа келсе де Оскар немесе Гремми ала алмаған. Сәйкесінше сахнаға кеше ғана шыққан жастарда ол статуетка бар болуы әбден мүмкін.

Уақыт өте келе біз де сол елдер сияқты марапаттарға қол жеткіземіз бұйыртса. Себебі қазір жаңа буын, жас толқын өсіп келеді. Оларға бұл медальдар аса қызық емес. Кеңес дәуірінің куәгерлері, ата-аналары, ата-апалары үшін көбірек маңызды)).

Әртістерге қатысты осылай. Ал медицина, педагогика сияқты салаларда еңбек етіп жүрген жандар үшін марапат жақсы мотивация деп ойлаймын", — деп жазған. 

Журналисттің аталған жазбаны жазғаны сол еді, жазба астында бір топ ұстаздар қауымы жанайқайларын жеткізген. Олар мұғалімдерге медаль түгіл, "алғыс хат" та аз берілетінін айтқан. 

"Медаль түгіл, қағаздарын да қимайды", "Түктенің керегі жоқ, бір жапырақ қағаздары болса да жетер еді, оны да бермейді, ондай қағазды алу үшін, баланы оқытып, тоқытып, республикалық олимпиадалардан бірақ шығуың керек", "Дұрыс айтасыз, педагогтар мен дәрігерлерге беру керек", "Димашқа сөзім жоқ, бір дәлелдеген адам болса, сол болар, әнімен де, сөзімен де, ісімен де, ал, басқалары өз жұмысын өзі үшін жасағандар, мұғалімнің бір күндік бейнетіне татымайды", "Медаль түсімізге де кірмеді. Ол түгілі, кетер кезімде категориямды да алып тастады, зейнетке кетерде қорғау керек екен, немнің азабы, — деп қорғамайды. 6ай жұмыс жасайды екенмін, үш ай соңында жүріп қайтемін,-деп. Мен сияқтылар миллион. Басқаларға рахат, білмей қалады екен. Неге мұғалім солай , "білмей қалып" орден мен медаль ала алмайды?!" деп жазды олар.