Медеу Арынбаев алғаш рет «АБК» тобының неліктен тарағанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Медеу Арынбаев алғаш рет «АБК» тобының неліктен тарағанын айтты

Медеу Арынбаев алғаш рет «АБК» тобының неліктен тарағанын айтты

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Сахнада 25 жыл! Ерлан Көкеев ширек ғасырдағы шығармашылық кешін Павлодар, Қарағанды, Астанада тойлап, музыка әлеміндегі мерейтойын Алматыда қорытындылады.
Бұл кеште әйгілі «Дос-Мұқасанның» бой көрсетуі заңдылық! Өйткені Көкеевтің кәсіби сахнадағы ?

  • 15 Мамыр 2017
  • 3387
Фото - Caravan.kz

Сахнада 25 жыл! Ерлан Көкеев ширек ғасырдағы шығармашылық кешін Павлодар, Қарағанды, Астанада тойлап, музыка әлеміндегі мерейтойын Алматыда қорытындылады.
Бұл кеште әйгілі «Дос-Мұқасанның» бой көрсетуі заңдылық! Өйткені Көкеевтің кәсіби сахнадағы тұсауын дәл осы ұжымы кескен еді.

«Ерланды сонау 18 жасынан білемін. Және де біздің «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі болған және музыканты болған. Екі жылдай бізбен бірге істеді. Осы «Дос-Мұқасанда» трамплин алып, өзі жеке музыкант болып шықты», – дейді «Дос-Мұқасан» ансамблінің жетекшісі Мұрат Құсайынов.

Ерланның өнер жолы АБК-ның құрамында жалғасын тапты. 5 жылдық әріптестіктен соң, Арынбаев Көкеевтің тосыннан топтан кетуі, атағы дүркіреп тұрған трионың тарауына себеп болды, — дейді.

«Бірінші Ерлан кетті, балалық болды! Оны біз түсіне қарадық! Одан кейін бір жылдай жүрдік те, менің өзімнің жазып жатқан, іште қайнап жатқан әндерім жарыққа шыға бастады. Сондықтан, АБК тарқады дегенде, біз бірдеңені бөлісе алмай қалып емес, әрқайсымыздың көкейімізде өз жолымыз бар. Армандаған дара жолымыз болғаннан кейін, тарқауға тура келді», – деді Медеу Арынбаев.


Дәл қазіргі таңда Ерлан «к7» тобының жетекшісі. 25 жылдық мерейтойға арналған Көкеевтің концерті қарапайым қарашадан бастап, халық әртісінің де көңілінен шыққанға ұқсайды!

«Бүгін жас пен орта буынның басын қосқан әсерлі концерт болды. Мұндай жанды дауыстағы кеш жиі бола бермейді. Сонымен қатар, жұмыс күнінде залдың лық толуы Көкеевтің өнеріне деген құрмет деп білемін», – деді ҚР Халық әртісі Нағима Есқалиева.

«Мен өте қуаныштымын. Сүйікті қаламның тыңдармандары мені жылы қарсы алды. Алматы жұртшылығы музыка мерекесін тойлады деген сенімдемін», – деп түйіндеді Ерлан Көкеев.