Жарияланды: 2100

«Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайына баратын жол жабылды

«Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайына баратын жол жабылды

Алматыда қалың қардың түсуі мен ауа райы жағдайының күрт нашарлауына байланысты жол полициясы ТЖД-мен бірігіп «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайына баратын жолды жапты.

ЖПБ-ның экпипаждары экологиялық бекетте қызметті күшейтілген режимде жүргізуде, деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен. Қазіргі уақытта аталған учаскеде тазалау техникасы жұмыс істеуде. Түскен қардың қалыңдығы 76 сантиметрді құрайды. Нашар көріну аймағына полицейлер тек жергілікті тұрғындарды ғана жіберуде. Алматы қалалық ішкі істер департаменті қауіпсіздік мақсатында азаматтарды тауға барудан бас тартуларын сұрайды. «Медеу» және «Шымбұлаққа» апаратын жол тазалау жұмыстары аяқталғанша жабық болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін