ЖПБ-ның экпипаждары экологиялық бекетте қызметті күшейтілген режимде жүргізуде, деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта аталған учаскеде тазалау техникасы жұмыс істеуде. Түскен қардың қалыңдығы 76 сантиметрді құрайды. Нашар көріну аймағына полицейлер тек жергілікті тұрғындарды ғана жіберуде.
Алматы қалалық ішкі істер департаменті қауіпсіздік мақсатында азаматтарды тауға барудан бас тартуларын сұрайды. «Медеу» және «Шымбұлаққа» апаратын жол тазалау жұмыстары аяқталғанша жабық болады.