Медеу шатқалы мен Алматы облысында дауыл жел кезінде құлаған 96 мың текше метр ағаштың небәрі 1,4% жиналды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Медеу шатқалы мен Алматы облысында дауыл жел кезінде құлаған 96 мың текше метр ағаштың небәрі 1,4% жиналды

Медеу шатқалы мен Алматы облысында дауыл жел кезінде құлаған 96 мың текше метр ағаштың небәрі 1,4% жиналды

Үстіміздегі жылдың 17 мамырында Медеу шатқалы мен Алматы облысындағы Іле-Алатау ұлттық бағының аумағында дауыл жел кезінде құлаған 96 мың текше метр ағаштың бар болғаны 1,4%-ға жуығы ғана жиналды.

  • 7 Шiлде 2011
  • 1215
Фото - Caravan.kz

«Бүгінге дейін құлаған ағаштардың 1372 текше метрі ғана жиналды. Біз 96 мың туралы айтып отырсақ, өздеріңіз есептей беріңіз», – деп мәлім етті ҚР орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысы жұмысқа кедергі келтіріп отырған басты проблемалардың ішінен ауа райының күрделі жағдайларын, арнайы техника мен мамандардың жетіспеушілігін, кадрлардың жиі алмасуын және жеткіліксіз қаржыландыруды атады.

«Жұмыстың тиімділігі мен өнімділігіне әсер отып отырған елеулі фактор – ауа райының жағдайлары. Мамырдың 17-сінен бері күнде жаңбыр. Тау жағдайында жаңбыр жауса, механизмдер тәуліктеп тұрады, орнынан қозғала алмайды. Бұтақтарды тазалап, ағаштарды кесу жұмыстары ғана жүргізіліп жатыр. Құрғақ ауа райы орнайды деп үміттенеміз», – дедіЕ.Нысанбаев.

Сондай-ақ, ол шараларды атқаруға қажет Т400 млн-ға қаржыға бюджеттен өз үлесін ауыл шаруашылығы ғана қосқанын айтты.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі Т70 млн өндіріп алды. Орманды қорғау бойынша жұмыстарға байқау жарияланады…Біз Т356 млн сомаға өтініш бергенбіз. Оның 271 млн ұлттық бақ үшін, Т85 млн қалаға қажет», – деді ведомство басшысы.

Сонымен бірге, ол дауылдың салдары Алматы облысының орман шаруашылықтарынан жеткізілген қолда бар техниканың көмегімен ғана жойылып жатқанын айтты. Комитет жаңа техниканы күзде күтіп отыр.

«Мен нақты айта алмаймын. Қалай болғанда да, күзде деп ойлаймын. Бұл қаржыны рәсімдеу және алу процесінің өзі (бюджеттен алу — ҚазТАГ) оңай емес. Қаласақ та, қаламасақ та, өткізілуге тиіс процедуралар бар. Мемлекеттік органдар түсіністік танытуда. Мәселе шешіліп жатыр. Үзілді-кесілді бас тарту деген жоқ. Бүгін келісу жүріп жатыр, ол да бөлек процедура. Бір-бір жарым айдың ішінде шешеміз (мемлекеттің қаржы бөлуі мәселесін — ҚазТАГ) деп ойлаймын», – деді Е.Нысанбаев.

Бұдан басқа, комитет төрағасы адами ресурстардың жетіспей жатқанын айтып, шағымданды.

«Қиын жағдайды ескерсек, адамдар келіп, жұмыстың қиын екенін көріп, кетіп жатыр. Мен жақында маусымдық жұмысқа алынып, шығып кеткен адамдардың санын саралады. Оларды бірдей деуге болады», – деді Е.Нысанбаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, жұмыс контингенті қалыптасатын мамандардың басты тобы қалыптасып үлгерді.

Комитет өкілінің мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күні Медеу шатқалындағы дауылдың салдарын жоюға 350 адам тартылып отыр, оның ішінде ҚР ТЖМ әскери бөлімшелерінің 160 жауынгері бар. Алайда ұлттық бақтың басқа учаскелерінде жұмыс әзірге жүргізілген жоқ.

«Біз үшін қазір Медеу шатқалын тәртіпке келтіру маңызды, біз ол жерге мыңдаған адам (жұмыскер — ҚазТАГ) мен техниканы тарта алмаймыз. Қазір қолда бар құралдар мен адами ресурстардың көмегімен Медеуде ғана жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ адами ресурстарға қатысты жиналып жатқан тәжірибе бізге жұмыстарды ары қарай кеңейту бағытында ілгері қозғалуға мүмкіндік беріп отыр.

Бұрын хабарланғандай, 3 маусымда Алматы әкімі Ахметжан Есімов Алматы облысында Іле-Алатау ұлттық бағының аумағындағы тауларда дауыл жел құлатып кеткен ағаштар қаланың экологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін айтып, ауыл шаруашылығы министрлігінің шенеуніктері мен ғылыми-зерттеу институттарын қатты сынға алған болатын.

Сондай-ақ, ол ағаш қабығымен қоректенетін қоңыздардың кесірінен инфекция ошақтарына айналған бұл ағаштар тау өзендерінің арналарын бөгеп тастап, сел тудыруы мүмкін екенін айтты.

Әкімдіктің мәліметтеріне сәйкес, Алматының айналасында дауыл желден зардап шеккен орман алқабының жалпы аумағы 480 гектарды құрайды. Құлаған ағаштардың жалпы көлемі 97 мың текше метрге тең.

Соңғы жаңалықтар