Жарияланды: 480

Медеу шатқалында оны тазартуға бағытталған сенбілік тағы өтеді

Алматы әкімшілігі сенбі күні Медеу шатқалында тағы сенбілік өткізеді, деп қала әкімшілігінің баспас қызметі хабарлады.

«2011 жылдың 16 шілдесінде «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі аумағында сенбілік өтеді, оның аясында ағымдағы жылдың 27 маусымы күні болған дауылды жел салдарынан құлаған ағаш, бұталарды жинау бойынша жұмыстар жүргізіледі», - делінген хабарда. Сенбілік барысында «Медеу» шатқалы аумағын тазалау жұмыстарымен аудандық әкімдіктер, «Алматы қаласының құтқару қызметі» КМК, «Алматы тазалық» КМК, «Тәртіп» АҚ және басқа да ұйымдар айналысатын болады, сонымен бірге, тазалау жұмыстарына Б.Момышұлы атындағы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты полктың әскерилері қатысады, 35 бірлік арнайы техника жұмылдырылатын болады, 250-ден астам адам қатысады деп күтілуде. Әкімшілік мәліметтерінше, дауыл 6,73 мың ағашты қиратып кетті. Бұдан бұрын 17 мамырда болған дауылдың салдарынан Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында 480 га жердегі орман алқабы зардап шегіп, көлемі 97 мың текше метр сүрек (древесина) бүлінген. Қала аумағында 4144 ағаш құлаған, құлаған ағаштар арамен кесіліп арнайы дайындалған жерге апарылды. Анықтама телефондары: Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы – 264-36-37; «Медеу» МӨТП – 272-86-89 деп көрсетілген әкімшілік таратқан хабарда

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін