Медеу ТМД елдеріндегі ең үздік ашық мұз айдыны атанды! - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Медеу  ТМД елдеріндегі  ең үздік ашық мұз айдыны атанды!

Медеу ТМД елдеріндегі ең үздік ашық мұз айдыны атанды!

Клубтық Азия чемпионатында өнер көрсетіп жатқан “Жетісу” клубы жеңілістен көз ашпай келеді. 

  • 23 Маусым 2011
  • 464
Фото - Caravan.kz

Бастапқыда Қытай мен Таиландқа есе жіберген жерлестеріміз енді Индонезия волейболшыларынан  айласын асыра алмады. Бұл кездесуде “Жетісу” таза ұтылды, есеп — 0:3. Бүгін командалар үшін демалыс күн болса, ертең ширек финал ойындары басталады.

Көп уақытқа дейін бапкерлік қызметіне кім келеріне мамандар түрлі болжам жасаған Лондонның “Челсиі” өз таңдауын жасады. Италиялық Карло Анчелоттидің орнын “Портудың” бас бапкері Андре Виллаш-Боаш басады.

Келісім-шартты алдынала тоқтату үшін лондондықтар “Портуға” 15 миллион еуро ақша төлемек. Өткен маусымда Боаш “Портуды” Португалия біріншілігі, ел кубогы және Еуропа лигасындағы жеңіске жеткізген. Осылайша ол еуропалық турнирде жеңімпаз атанған ең жас бапкер болып, футбол жанкүйерлерін бір таң қалдырған. Кезінде “Челси” ұжымында Жозе Моуриньоның көмекшісі қызметін атқарған 33жастағы маман “Стэмфорд Бриджге” “Портудағы” барлық көмекшілерін ерте келмек.

Уругвайдың “Пеньяроль” және Бразилияның “Сантос” клубтары Либертадорес кубогының ақтық сынына соңғы дайындықтарын пысықтауда. Оңтүстік Американың ең беделді турнирінің алғашқы финалдық матчында командалар тең тарқасқан болатын.

Монтевидеодағы ойында есеп ашылмай қойған, енді командалардың жолы Сантоста түйіседі. Уругвайлықтар бұл сында  бес  рет жеңімпаз атанып үлгерсе, олардың қарсыластары  1963 жылғы екінші жеңісінен кейін бас жүлдені иеленбеген. Дәл сол кездері клубтың сапында атақты Пеле өнер көрсеткен. Енді, қос команда да барлық мықты ойыншыларын сапқа қосып, ертең маңызды матчқа кіріспек.


Қазақстандық теннисшілер “Уимблдондағы” жарыс жолын тоқтатты. Ярослава Шведова 6:2, 6:3 есебімен тайландтық Тамарин Танасугарнға ұтылса, Андрей Голубев испандық Гильермо Гарсия Лопестан айласын асыра алмады. Ал Михаил Кукушкин
 әлемнің үздік теннисшілерінің бірі  швейцариялық Роджер Федерерге жол берді.

Серб Новак Джокович жарысты қарқынды бастады. Француз Жереми Шардимен кездесуде ол қарсыласын еш аямады. Есеп — 6-4, 6-1, 6-1. Жыл басталғалы бір матчта ғана жеңіліске ұшыраған Джокович бұл ойынды бар болғаны 1 сағат 20 минутта аяқтады. Ресейлік Мария Шарапова беделді бәсекенің бас жүлдесінен дәмелі екенін айтады. Алғашқы айналымда ол Анна Чакветадзені тізе бүктірді. 2004 жылғы “Уимблдон” чемпионы  6-2, 6-1 есебімен жеңіске жетті.

Алматының атақты  Медеу мұз айдыны ТМД елдеріндегі үздік ашық мұз айдыны атанды.

Жүлде қазақстандықтарға Ресейде қысқы спорт түрлері бойынша өткен халықаралық конгресте табысталды.  Алпыс   жылдық тарихы бар “Медеу” осындай жүлдені тұңғыш рет иеленіп отыр. 

Соңғы жаңалықтар