«Медеуде» Қасым Ильяшевтың құрметіне конькимен жүгіру спортынан турнир басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Медеуде» Қасым Ильяшевтың құрметіне конькимен жүгіру спортынан турнир басталады

«Медеуде» Қасым Ильяшевтың құрметіне конькимен жүгіру спортынан турнир басталады

11-12 қазанда «Медеу» спорт кешенінде «Қасым Ильяшевты» еске түсіруге арналған» конькимен жүгіру спортынан дәстүрлі жарыс өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігі.

  • 10 Қазан 2011
  • 864
Фото - Caravan.kz

«Турнир конькимен жүгіру спортын насихаттау, ҚР президентінің дене шынықтыру мәдениеті мен спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы туралы жарлығына сәйкес өткізіледі», — делінген әкімдіктің дүйсенбі күні таратқан ақпаратында.

Бұл турнирді 2010 жылдан бастап жыл сайын өткізіп, осылайша өзінің еңбек жолындағы жетістіктерімен ТМД-да, шетелде танымал спорт саласына еңбегі сіңген адамның есімін мәңгілік ету туралы шешім қабылданды.

Жарысқа ҚР облыстық спорт ұйымдарының спортшылары қатысады.

Қасым Ильяшев (1937-2010 жж.) — 1972-1979 жж «Медеу» спорт кешенінде директордың орынбасары болып қызмет еткен, конькиден, допты хоккейден жоғары деңгейде халықаралық, жалпыодақтық және республикалық жарыстар өткізген, конькимен жүгіру спортынан жалпыодақтық категориядағы судья болған.