МедиаФорум аймақтық және ғаламдық сипаттағы күрделі проблемалар бойынша пікір алмасатын орынға айналды - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
МедиаФорум аймақтық және ғаламдық сипаттағы күрделі проблемалар бойынша пікір алмасатын орынға айналды - ҚР президенті

МедиаФорум аймақтық және ғаламдық сипаттағы күрделі проблемалар бойынша пікір алмасатын орынға айналды - ҚР президенті

"МедиаФорум аймақтық және ғаламдық сипаттағы күрделі проблемалар бойынша пікір алмасатын орынға айналды. Бұған дейінгі кездесулерде қол жеткізілген биіктіктер осы жолы да сақталады деп сенемін". Бұл туралы бүгін, 22-сәуірде Алматыда ашылған үшінші Еуразиялық МедиаФорумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Сәуiр 2004
  • 1193
Фото - Caravan.kz

«Бір-біріне қарама-қайшы түрлі деректердің жиынтығынан құралатын қазіргі заманнан болашақтың кескін-келбеті мен түр-сипатын аңдауға болатындай. Осыдан 10 жыл бұрын ақырзаман болады деп болжағандар осындай болашақты меңзеп еді. Бірақ бұдан былайғы болашақ түрлі қауіп-қатерлерге де, сан алуан мүмкіндіктер мен технологиялық төңкерістерге де толы болайын деп тұр».

«Менің пайымдауымша, ғаламдық қоғамдастықты айқындайтын бірнеше құрылымдық бағыттарды атауға болады. Бірінші кезекте, өркениеттер мен моральдық құқық нормаларына бағынбайтын күштер арасында қақтығыс туындайды. Зорлық-зомбылыққа қашан да зорлық-зомбылықпен жауап қатылады. Бұл бірнеше мыңжылдықтар бойына дәлелденіп келе жатқан бұлтарыссыз аксиома»,- деді ол.
Қазақстан президентінің пікірінше, «қазіргі жағдайда әлемдік лаңкестік проблемасын қалыптасқан қарапайым тәсілмен шешу мүмкін болмай қалды. Түрлі геосаяси, аймақтық және экономикалық топтардың өзара тіл табысуына алтын діңгек болып келген халықаралық құқық нормаларын бұзу — ғаламдық тұрақсыздыққа алып келмек»,- деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар