«Жаппай тексеруден өткізу нәтиже бермейді және ауқымды қаржы жұмсауды талап етеді»,- деп санайды министр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Жамбыл облыстық ауруханасында жаңа босанған әйелге тексеруден өтпеген донор — осы аурухананың медбикесінен 2006-жылдың қаңтар айында қан ауыстырып құю салдарынан оған ВИЧ індеті жұққан болатын.
Осыған байланысты Жамбыл облыстық прокуратурасы денсаулық сақтау министрлігіне медицина қызметкерлерін жылына міндетті түрде екі мәрте ВИЧ-ке тексеруден өткізуді ұсынып отыр. Ондағылардың пікірінше, 2003 жылғы қазанның 20-ындағы денсаулық министрінің бұйрығымен расталған ережеде медицина қызметкерлерін міндетті түрде ВИЧ-ке тексеруден өткізу жайы қарастырылмауы Мойынқұм аудандық ауруханасында емделуші жаңа босанған әйелге індет жұғуына апарып соқты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті