Медициналық сақтандыру қоры халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына қаржы бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Медициналық сақтандыру қоры халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына қаржы бөлді

Медициналық сақтандыру қоры халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына қаржы бөлді

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері Қазақстандағы медицина ұйымдарына 396,9 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді.

  • 11 Шiлде 2018
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Хабарламаға сүйенсек, шілденің 9-ына дейін Қормен келісімшарт бекіткен медицина мекемелеріне 396,9 млрд теңге берілген.

«Бұл – кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) шеңберінде көмек көрсету жөнінде бекітілген келісімшарттрдың жалпы сомасының 56 пайызы», — деді МСҚ басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова.

ТМККК және МӘМС пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын Қор емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 704,5 млрд теңге.

«Жұмыс кестеге сай, медициналық қызмет сапасын бақылаудың жаңа талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», — деді Б.Жақселекова.


Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 1359 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 599-ы – жеке меншік клиникалар. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салытырғанда 138-ге көбейген. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы өткен жылғыдан 2 есе артып, 93,5 млрд теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар