«Біз 538 баланың денсаулығын зерттедік. Олардың 151-інен құлақ, мұрын және тамақ аурулары, 25-28 процентінен несеп жолдарының аурулары анықталды»,- деді ҚР педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мен «Ақсай» республикалық балалар ауруханасынан жасақталған медициналық топтың дәрігер-нефрологы Майра Шәріпова. «Балалардың көбінде анемия бар»,- деді ол.
Астанадан келген медициналық десант №1, №3 балалар үйлері, Шымкент, Төле би, Созақ және басқа да аудандардан келген балаларды зерттеді. Дәрігерлер УЗИ, зертханалық жабдықтар, ЭКГ-аппарат пен басқа да диагностикалық жабдықтарды әкелді. Балалар толық зерттеуден өтіп, науқастарға қажетті емдеу тағайындалды.
Оңтүстік Қазақтан облысының бас педиатры Майра Исабекова бұл зерттеудің медициналық десант құрамына салалық мамандар енгенімен құнды екенін атап өтті. «Бізде нефролог, гастроэнтереолог секілді салалық мамандар жетіспейді. Көп жағдайда ауру асқынған соң келеді немесе сол маңда қажетті маман мен жабдықтың болмауынан емдеу мүмкін болмай қалады»,- деді ол.
Алайда, брифингте атап көрсетілгеніндей, ауыр науқасқа шалдыққан балаларды емдеуге Астанаға жіберуге мүмкіндік жоқ, өйткені, биылға арналған тегін емделу квотасы таратылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті