«Қанша дегенмен, біз Владимир Путин (әріптесім әрі бұрыннан келе жатқан досым) екеуіміз бір саяси күштің адамдарымыз», деді Д.Медведев Петербор халықаралық экономикалық форум-2011 нәтижелері бойынша Financial Times басылымына берген сұхбатында.
«Бұл тұрғыдан қарайтын болсақ, арамыздағы бәсекелестік соңғы жылдары жүзеге асырып отырған мақсаттарымызға зияндық тигізеді. Демек, бұл біздің ел үшін де, қазір қалыптасып отырған жағдай үшін де дұрыс сценарий бола қоймас», деп атап өтті Д.Медведев.