Медведев сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларын дәйектегенін жария етті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Медведев сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларын дәйектегенін жария етті

Медведев сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларын дәйектегенін жария етті

Мәскеу.19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - РФ президенті Дмитрий Медведев бүгін Кремльде өткен кеңесте сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларын дәйектегенін жария етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Мамыр 2008
  • 580
Фото - Caravan.kz

«Елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейі аса жоғары қалпында қалып отыр. Шын мәнісінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ұлттық жоспары қажет», -деді РФ президенті. Оның айтуынша, біртұтас шаралар кешені қажет. Ол үшін РФ заңнамасындағы ақтаңдақтарды жою керек.

Президенттің айтуынша, Ресейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің үш басты бағыты бар. Ең бірінші, бұл — заң жағына байланысты, «заңнаманы түбегейлі модернизациялау қажет». Екінші бағыт — экономика мен әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары және «сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге» ынталандыру қажет. Үшіншісі — құқықтық ағарту және қоғам тарапынан бағалау. Ол үшін, Ресей президентінің айтуынша, «кешенді салалық көзқарас қажет».

Д. Медведевтің мәлімдеуінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заң жобасы жасалған дайын, енді бірқатар мәселелерді ғана келісу қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті