Сегіз салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо (57-6-2, 38 KO) ота жасалғаннан кейін оң иығының тез жазылып келе жатқандығын және келесі жылы шаршы алаңға қайта орала алатындығын мәлімдеді.
"Алдағы жылы жекпе-жекке шығуға дайынмын. Жағдайым жақсарды, қолымды көтере аламын", — деген филиппиндіктің сөзін келтіреді BoxingScene.com.
Соңғы жекпе-жегін Пакьяо 2 мамырда Лас-Вегаста кіші Флойд Мейвезерге (48-0, 26 КО) қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды. Айқастан кейін филиппиндіктің командасы Пакьяоның кездесуге жарақаттанған иығымен шыққанын және жекпе-жектен соң жағдайы күрт төмендегендігін мәлім еткен болатын, деп жазды vesti.kz.