Мейірбике ауруханада өлім аузында жатқан науқасты тірідей "жерлеп тастаған" - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мейірбике ауруханада өлім аузында жатқан науқасты тірідей "жерлеп тастаған"

Мейірбике ауруханада өлім аузында жатқан науқасты тірідей "жерлеп тастаған"

АҚШ-тың Порт-Анджелес қаласында әйел «Олимпик» медициналық орталығын сотқа берді. Ол дәрігерлердің науқас анасына салғырт қарағанын айтып шағымданған.

  • 31 Қазан 2019
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Peninsula Daily News газетіне сілтеме жасап хабарлайды. 

2017 жылдың 15 ақпанында медициналық орталықтағылар 99 жастағы Катрин Делоның өлімін тіркеген. Марқұмның қызы Эвелин Мари Галланд берген сот қуынымына сәйкес, анасының денесі мәйтіханаға түрлі зақымдармен және қан-қан жаймаға оралған күйінде жеткізіліпті. 

Бальзамдаушы Саманта Майнер қайтыс болған әйелдің мұрны сынғанын және оң қолы мен көзінің аумағы көгеріп қалғанын байқаған. Мәйітхана қызметкері Делоның мұндай жарақаттарды көзі тірісінде алғанын айтты. 

Ал оның өлімі туралы куәлікте әйелдің 15 ақпанда сағат 16:30-да жүрек және тыныс жеткіліксіздігі, сепсис, пневмония мен несеп жолдарына инфекция түсуінің салдарынан қайтыс болғаны жазылыпты.

Эвелин дәрігерлердің анасын көз тірісінде-ақ өлі деп танығанын айтады.

«Оны арнайы қапқа орап, қайтыс болған адамға қарағандай қараған. Оның мұрны сынғанынан тірі болғанын түсіне аламыз. Оқиғаның мән-жайын ешкім білмейді», — деді сот тыңдалымында Делоның отбасылық қорғаушысы Джеффри Каллис.

Ал қызы ауруханадағылардың ережені бұзғанын айтып отыр. Ереже бойынша, науқастың өлімін екі медицина қызметкері растауы тиіс. Осылайша, ол анасына қараған мейірбике Карен Тайлерді қызметіне салғырт қарады деп айыптады. Эвелиннің айтуынша, анасының өлімі туралы мәліметті мейірбике ғана растап, тіркепті. 

Іс мәліметтеріне сәйкес, мейірбике Катриннің тыныс алуына қатысты қиындықтар туындағанда оған морфин салған. Алайда дәрінің салдарынан науқастың тыныс алу одан әрі қиындап, артынша көз жұмыпты. 


«Мұндай емді жалғастыра берсе, адамның тез өлуіне алып келетін еді», — дейді дәрігер Вирал Шах.

Peninsula Daily News басылымының мәліметінше, сонымен қатар Тайлер науқасты өлі деп таныған кезде оның денесінде қан мен көгерген іздер болмаған. Оған қоса мәйітті тасымалдау кезіндегі жағдайлар туралы ешкім тіс жармапты. 

Ал медициналық орталықтың өкілдері оқиғаға өздерінің қатысы жоқ екенін айтып ақталып отыр. Олар істі жабуды және қорғаушының ақысын төлеуде сұрады. Айтуларынша, Дело өз әрекеттерінің салдарынан жарақаттанған. 

Іске қатысты сот отырысы 2020 жылдың 21 қыркүйегінде өтеді.