Мейрамбек Бесбаев әртістер арасында футболдан әлем чемпионатына қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мейрамбек Бесбаев әртістер арасында футболдан әлем чемпионатына қатысуда

Мейрамбек Бесбаев әртістер арасында футболдан әлем чемпионатына қатысуда

Әртістерден құралған Қазақстан футбол командасы әлем чемпионаты - «Арт-футбол» фестиваліне қатысуда.

  • 26 Мамыр 2014
  • 869
Фото - Caravan.kz

Бірінші матчта қазақстандықтар Голландия командасына есе жіберді, — деп хабарлады Vesti.kz.

Алғашқы кездесуде қазақстандықтар голландиялықтарға 1:2 есебімен есе жіберді. Отандық әртістердің арасында қарсыластардың қақпасына жалғыз допты дарытқан Сұлтан Күнтуған болды. Басқа матчтарда Ресей Эстонияны 2:0 есебімен ұтты. Екінші ойында Қазақстан Ресеймен, ал Голландия Эстониямен кездеседі.

Бұл жарысқа әлемнің 16 командасы қатысуда. Олар төрт топқа бөлінген. Ереже бойынша, әрбір команда әртістерден басқа 35-тен жас емес екі кәсіби футболист пен бір танымал спортшыны (футболист емес) қатыстыра алады.

Отандық эстарада жұлдыздарынан құралған Қазақстан құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Абдулкәрім Кәрімов (әнші), Ақылбек Досжанов (продюсер);



Қорғаушылар: Ерлан Әлімов (әнші), Мэлс Сағатұлы (әнші), Абай Жансарбаев (әнші), Медет Кежекбаев (әнші), Жанай Ғаділбек (әнші), Қазыбек Қожахметов (әнші), Кенжебек Жанәбілов (әнші), Арман Қоңырбаев (әнші), Марат Есмұратов (бұрынғы футолист);

Жартылай қорғаушылар: Батыр Байназаров (әнші), Сұлтан Күнтуған (әнші), Ғалымжан Арыстанбекұлы (продюсер), Аян Бірбаев (әнші), Жұбаныш Жексенұлы (әнші), Әділжан Омаров (әнші), Сейітжан Дәурен (әнші), Дильен (әнші), Ілияс Харов (әнші);

Шабуылдаушылар: Мұқасан Шахзадаев (әнші), Рысбек Аташев (әнші), Сәкен Майғазиев (әнші), Мейрамбек Бесбаев (әнші).

Перейти к новостям спорта