Аңсаған аппақ арманым,
Орманым менің бол, жаным.
Тек саған мені апарар
Әлемнің барлық жолдары.
Көктем құлпырса керемет
Жанымды жырға бөлемек.
Өзіңе мені шақырар,
Алдымнан ұшқан көбелек.
Алдымнан ұшқан көбелек.
Қайырмасы:
Көгімді менің биіктетші,
Кеудеден кетсін күйік-мұң.
Мына әлемді сүйікті етші,
Сүйікті етші, сүйікті етші, сүйіктім.
Күз келсе қалқып таза мұң,
Көремін бояу ғажабын.
Сезімімді жапыраққа,
Хат қылып тағы жазамын.
Хат қылып тағы жазамын.
Қайырмасы:
Көгімді менің биіктетші,
Кеудеден кетсін күйік-мұң.
Мына әлемді сүйікті етші,
Сүйікті етші, сүйікті етші, сүйіктім.
Арманым болып орындалшы,
Түсіме айнал баянды.
Керек болса жанымды алшы,
Барымды алшы, барымды алшы, аяулым